» » «Ақылы аялдама» жобасы іске қосылмақшы

«Ақылы аялдама» жобасы іске қосылмақшы

Биыл Қызылордада «Ақылды аялдама» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде, қоғамдық көлікпен жүретін қала тұрғындары автобустардың қашан келетінін смартфондағы мобильді қосымша арқылы біліп отырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.
 «Қызылордалықтар өздерінің смартфондағы қосымшалары арқылы автобустың қашан келетіні туралы мәлімет ала алады. Сонымен қатар, жолақыны қолма-қол емес төлем жүйесі арқылы төлеуге мүмкіндік жасамақпыз. Әлемде төлемдер карточкамен емес, телефон арқылы төленеді. Осындай функцияны іске асыруға жұмыс жасап жатырмыз», - деді Евгений Ким.
Биыл денсаулық саласы аясында "Емделушінің электронды төлқұжаты" жобасын іске асыру да қолға алынбақ. «Емделушінің төлқұжаты арқылы оның бойында анықталған сырқаттарды білуге болады. Сондай-ақ, пациент дәрігерге қай уақытта жазылғысы келетінін де нақтылай алады. Сонымен қатар, керек дәріні кез келген дәріханадан онлайн режимде көруіге мүмкіндік болмақ. Ал, білім саласына енгізілетін "Электронды журнал" жобасы бойынша оқу материалдарымен таныса алады, онлайн түрінде білім алады және шалғай елді мекендердегі білім ұялары цифрлы жүйемен қамтамасыз етіледі», - деді облыс әкімінің орынбасары.
27 қаңтар 2018 ж. 1 031 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031