» » Beeline Қызылордадағы жолақыға 50% жеңілдік сыйлайды

Beeline Қызылордадағы жолақыға 50% жеңілдік сыйлайды

8 қыркүйек 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. 7 қыркүйектен бастап Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары Beeline сервисінің арқасында, қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жүре алады. Бұл шарт қыркүйектің соңына дейін қалалық 1, 2, 11, 14, 17 және 18-автобус бағыттарында Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында QR-кодпен және SMS хабарлама арқылы төлегенде беріледі.
Төлеу нұсқалары:
1.Менің Beeline-ым мобильді қосымшасы: басты бетте «Көлік» бөлімін таңдап, көлік кодын енгізу керек немесе QR-кодты сканерлеу қажет. «Төлеу» пернесін басып, содан соң билетті алу үшін, «Билет алу» пернесін басу керек. Оған қоса электронды билет 2505 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде келеді.
2.SMS-хабарлама: жолақы төлеу үшін көлік коды көрсетілген SMS хабарламаны 2505 нөміріне жіберу керек. Қолданушы жауап ретінде электронды билетті SMS-хабарлама түрінде алады, оны контролерге көрсетуге болады. SMS жіберу тегін.
Көлік коды мен QR код автобустардың салонындағы жапсырмаларда. Жолақы төлеген кезде теңгерімнен жолақы толық ұсталып, 45 теңге cashback теңгерімге қайта қайтарылады.
«Қызылордада абоненттерімізге жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін акция басталғанын қуана хабарлаймыз. Бұл – жолақыны телефон теңгерімінен төлеп көрудің тамаша мүмкіндігі – қарапайым әрі ыңғайлы. Сонымен қатар, жолақы жанаспай және қауіпсіз төленеді, жолаушыға ақша купюралары мен тиындарды ұстау қажет болмайды», - деді Beeline Қазақстанның Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли.
«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қол жеткізе алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz
***
Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz
09 қыркүйек 2020 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031