» » Аймағамбетов ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесін жаңартуға уәде берді

Аймағамбетов ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесін жаңартуға уәде берді

 
Ауылдық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төлеу жүйесі жаңартылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні шағын жинақталған немесе шалғайдағы мектептеріміздің білім беру сапасы төмен. Соның ең басты проблемасының бірі – бұл, әрине, ұстаздардың, мамандардың жетіспеушілігі. Мысалы, көп мектепте бір мұғалім 4-5 пәннен береді. Сондықтан сапа мәселесі өте маңызды болып тұратындығы белгілі. Бұл проблеманы шешу үшін ауылдық мектептерді қаржыландыру, ауылдық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмыс жүргізу қажет», – деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.
Оның атап өтуінше, министрлік бұл түйткілді шешу үшін нақты жұмыстарды қолға алған.
«Қазір ауылдық мектептерде жұмыс істейтін ұстаздарға жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмысты бастап жатырмыз. Биылғы оқу жылында осы жұмысты аяқтаймыз деп санаймын», деді Асхат Аймағамбетов.
22 тамыз 2020 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031