» » 1 млн-ға жуық қазақстандықтың базалық зейнетақысы көтеріледі

1 млн-ға жуық қазақстандықтың базалық зейнетақысы көтеріледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова базалық зейнетақының қалайша өзгеретінін түсіндірді. 
«Биыл базалық зейнетақының мөлшері артады. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау жүйесі өзгереді. Қазіргі кезде барлығы бірдей 15 274 теңгенің базалық зейнетақысын алады. Ал 1 шілдеден бастап 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі де, одан кейінгі зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу көрсеткіші де ескеріледі», - деді С. Жақыпова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі есеп бойынша 2,1 млн зейнеткердің 46 проценті, яғни 900 мыңнан астам адам базалық зейнетақының жоғары мөлшерін алады. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 процентін құрайды. «Оның мөлшері - 28 284 теңге. Демек, қазіргі 15 274  теңгенің базалық зейнетақысы 28 284 теңгеге дейін артатын болады», - деп атап көрсетті С.Жақыпова.

07 ақпан 2018 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031