» » Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

   Алматылық инфекционистер әлемде Кавасаки синдромының кең таралып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова, ата-аналарға балалар арасындағы аурудың алдын алу үшін сақтық шараларына мұқият болыңыздар, деп кеңес берді.
«Ата-аналар балалармен көп жерлерде жүрмеуі керек, сыртқы байланыстарды азайтып, маска тағуы керек. Гигиенаны сақтап, иммунитетті арттыру қажет. Асқынған жағдайда өзін – өзі емдеумен айналыспай, дәрігерлерге жүгіну керек», – деп ескертті Г.Құттықожанова.
Эпидемиологиялық тұрақсыздық кезеңінде санитарлық талаптарды елемеген жағдайда балалардың дерті асқынуы мүмкін. Құттықожанованың хабарлауынша, Кавасаки синдромы сәуірден кейін пайда болған. Бұл – жиі кездесе бермейтін синдромдардың бірі. Кавасаки синдромының кең таралуы коронавирусқа байланысты болуы мүмкін.
«Кавасаки ауруы кезінде безгек кем дегенде 5 күн болады. Алғашқы белгілері: көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, еріннің зақымдануы, бөртпе, мұрынның қабыршақтануы, аяқ-қол мен табанның ісінуі және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы», – деді ол.
Балаларда Кавасаки белгілері байқалмауы мүмкін. Алайда, ауруды асқындырып алмау үшін оларды ертерек ажыратып, дер кезінде ем қабылдауды бастау қажет.
13 қыркүйек 2020 ж. 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930