» » Қызылордалық эпидемиолог дәрігерлер ЖРВИ-ге қарсы сақтық шараларын күшейтуді сұрайды

Қызылордалық эпидемиолог дәрігерлер ЖРВИ-ге қарсы сақтық шараларын күшейтуді сұрайды

    2019-2020жж.(01.10.2019-09.01.2020 жж.) эпидмаусымында жалпы облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының5872 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 755,67%00 құраған. Өткен жылдың эпидмаусымымен салыстырғанда аурушаңдық 12%-ға артқан.
Ауруға шалдыққандардың 72,4% (4253) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 16,7% (782) 1 жасқа дейінгі балалар.   
         Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2019-2020 жж. эпидмаусымына 80 000 доза вакцина сатып алынды.
Бүгінгі таңда 78199 адам екпе қабылдады, бұл егілуге жататын контингенттің 100% құрап отыр.
 Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүзеге асырылды. Жұмыс берушілермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 2000-ға жуық қыметкер тұмауға қарсы екпемен қамтылды. 
Аурудың алдын алу, эпидемиологиялық ахуалды күрделендірмеу бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейді.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұмаудың алдын алу бойынша келесі әрекеттерді орындауға кеңес береді:
*Тұмауға қарсы егу жасаңыз.
*Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқартыңыз.
*Адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде пайдаланыңыз.
*Аурудың белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынас жасамаңыз.
*Көшеден және қоғамдық көліктен кейін қолды, мұрын қуысын сабынмен мұқият жуыңыз.
*Үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз.
*Бөлменің ауасын желдетіп тұрыңыз.
*Күнделікті ас мәзірінде С витамині бар өнімдерді мүмкіндігінше көп тұтыныңыз.
*Дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті арттыратын препараттар мен құралдарды пайдаланыңыз.
*Салауатты өмір салтын ұстаңыз, теңгерімді тамақтаныңыз және үнемі дене шынықтырумен айналысыңыз.
17 қаңтар 2020 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930