» » Қазақстанда 11 баладан Кавасаки синдромы анықталды

Қазақстанда 11 баладан Кавасаки синдромы анықталды


 Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет Кавасаки синдромына шалдыққан балалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазіргі кезде әлемнің көптеген елінде коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырған балаларда 14 күн мен бір ай арасында Кавасаки синдромына ұқсас көп жүйелі қабыну тіркеліп жатыр. Мен өткен аптада Қазақстанда осындай үш бала тіркелгені жайында айтқан болатынмын. Ал қазіргі уақытта Кавасаки синдромы мен осы синдромға ұқсас 11 бала тіркелген», – деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бұл індет көп жағдайда 5 жасқа толмаған балаларда кездеседі. Ал Кавасаки синдромына ұсқас ауруға шалдыққан балалардың басым бөлігі бес жастан асқан.
«11 бала тіркелді дедік қой. Солардың үшеуі Нұр-Сұлтанда аман-есен жазылып шықты, тағы екі бала Ақтөбеде, Қарағандыда және Алматыда. Олардың екеуі 1-5 жас аралығында, қалған 9 бала 5-17 жас аралығында, яғни, 9 бала Кавасаки синдромына нақты келмейді. Соған ұқсас ауру деп есептеледі», – деп атап көрсетті Қожахмет.
Бұған дейін осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтанда профессорлар мен дәрігерлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылғаны хабарланған еді. Олар бұл ауруды зерттеумен айналысады.
Kyzylorda-news.kz.
18 тамыз 2020 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031