» » Қазан айында еліміз қатаң карантинге көшетіні рас па?

Қазан айында еліміз қатаң карантинге көшетіні рас па?


20 қыркүйек пен 15 қазан
аралығында еліміз қатаң карантинге жабыла ма?

Осындай алып-қашпа қауесеттерге Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.
«20-шы қыркүйектен бастап карантин күшейтіледі дегенге  жақында ғана түсініктеме бердім. Ресми өкіл ретінде тағы да қайталап айтамын. Әзірге ондай шаралар жоспарланбаған. Оның бәрі жалған ақпарат. Сондықтан халықты алып-қашпа  әңгімеге сенбеуге шақырамын. Тіпті, ондай шаралар қабылданса, біз алдын-ала хабарлаймыз», – деді Тауар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сонымен қатар, ол ел ішіндегі облыстардың біртіндеп карантиндік режимі  жеңілдетіліп жатқанын ескертті.
«Тағы да қайталаймын, мұның бәрі жалған. Жалған ақпаратты таратушыларды іздестіру үшін полицияға шағымданбақпыз. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ бас санитарлық дәрігердің барлық талабын сақтауымыз керек», – деді ол.
20 қыркүйек 2020 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930