Қызылордада жастардың стартап жобалары талқыланды
«Байқоңыр» ӘКК » АҚ бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Жастар орталығы» ғимаратында «Kyzylorda Business Hub» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастар жобаларының презентациясы өтті.
Кездесуде өндіріс және қайта өңдеу саласындағы старт-ап жобалар, халыққа қызмет көрсету бойынша қызметтер, жылжымалы оттегі станциясын ұйымдастыру, күнбағыс майын өндіру, ұңғымаларды бұрғылау бойынша қызметтерді ұйымдастыру, денсаулық клубын ашу және т.б. ұсынылды.
Кездесу барысында мүдделі қаржы институттары қаржыландыру бойынша қолдауды, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беруді, сондай-ақ өтеусіз грант беруді қажет ететін старт-ап жобалар пулын іріктеп алды.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Н. Тілешев қаржы институттары мен мемлекеттік органдарға жастардың бастамаларын қолдау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кету керек, «Байқоңыр «ӘКК» АҚ алаңында осындай бастамашыл жобаларды қарау бойынша кездесу екінші рет өтіп, тұрақты негізде өтетін болады.