Еңбек адамды есейтеді
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне ерекше мән берді. Елбасы «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалану тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек… Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деген болатын. Демек, кәсіптік білім беруді жетілдіру – заман талабы.
Шыны керек, кешегі мен бүгінгі жастардың арасында айырмашылық жер мен көктей. Соның әсері болар, талай мекемелерде жұмысшы мамандар қат. Тіпті, кәсіпорындар жұмысшы мамандарға ең жоғарғы жалақы төлеуге дайын. Өйткені, сұраныс жоғары. Ал «екі қолған бір күрек» таба алмай жүрген жастардың қарасы қалың. Елбасы кәсіптік-техникалық білім беру саласына күш салып, колледждерге айрықша маңыз берілу себебі осында. Еліміздегі жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу орталықтары заманауи технологиямен толық жабдықталған. Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Біз кәсіптік және техникалық білім беру мазмұнын толық жаңғыртпақ ниеттеміз» деп атап өтті. Міне, соңғы жылдары студенттерге теория мен тәжірибені ұштастыруға мол мүмкіндік жасалды. Мұның барлығы кәсіпорындардың сұранысына ие жұмысшы мамандарды білікті кадр етіп дайындауға негізделген. Еңбек нарығына қажетті мамандар әзірлеу, тіпті, қайта даярлау, мамандардың біліктілігін жетілдіру жолға қойылды. Еңбек адамды есейтеді. Бұған мысал, қарапайым жұмысшыдан ел басқару дәрежесіне жеткен Елбасының өзі дәлел.
Эльмира Нұрекеева,Қызылорда қызмет және сервис колледжінің
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы