» » ЖҰЛДЫЗЫ БИІК ЖЫР-ЖаҺАН

ЖҰЛДЫЗЫ БИІК ЖЫР-ЖаҺАН


         Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, жерлесіміз Әбілдә Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Жұлдызы биік жыр-жаһан» атты жыр кеші өтті.
  Тағылымды шара Ә.Тәжібаев туралы деректі фильмнен бастау алды. Сонымен қатар «Qyzylorda» телеарнасының қызметкері, ақын Т.Қабылша, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының оқытушысы С.Жүзеев қатысып, Ә.Тәжібаев туралы естеліктер айтып, жырдан шашу шашты. Ал «Жауқазын – ғұмыр» клубының мүшелері М.Маратқызы, Г.Мұқашева, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Б.Назар ақынға арнаған өлеңін оқыды. Сондай-ақ, қатысушылар ақын шығармашылығын насихаттайтын ерекше үлгідегі көрме – экспозицияны аралап,  ақынның өзі тұтынған дүниелерін, жазған хаттары мен мұрағаттағы суреттерін тамашалады.
08 ақпан 2018 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930