» » » Тайғақта жарақат алмас үшін

Тайғақта жарақат алмас үшін

        Бұл ескертулер қысқы мезгілде болатын көктайғақта құлап, жарақат алмауға көмектеседі.
Құлап қалмас үшін қалай жүру керек?
•    Өзіңізді пингвин сияқты елестетіңіз. Мәселен, табаныңызды жерге нық басып, аяғыңызды сәл бүгіп, буынға күш түсірмей адымдаңыз. Бұл жүріс сырттай күлкі шақырғанымен, ол қолайсыз ауа райында қауіпсіз.
•  Жылдам жүрмеңіз, аяғыңызды тым жоғары көтермеңіз. Қадамдар арасы жиі болғаны абзал. Өйткені қауіпті жерден тайып кетуіңіз мүмкін.
•    Көктайғақ кезде қолыңызды қалтаңызға салмаңыз. Себебі қолыңыз қалтаңызда болып құлаған кезде қатты жарақат алып қалуыңыз мүмкін. Құлап бара жатқан кезде қолмен тіреп, тепе-теңдік ұстай аласыз.
•    Тайып кетсеңіз немесе биік емес жерден құласаңыз, сәл отырып ес жинап алыңыз. Қолыңызда бар барлық затты босатыңыз. Бұл қимыл аяқтан қалыпты тұруға мүмкіндік береді.
Көшеде құлап қалмас үшін өзіңді қалай ұстау керек?
•    Жүріп бара жатқан кезде телефонмен сөйлеспеңіз. Бүкіл назарыңызды жолға аударыңыз. Басқа адамдар жүрген жолмен немесе тротуар шетімен жүріңіз. Көпшілік жағдайда тротуар шеті қатты тайғанақ болмайды. Қардың астында мұз болып, одан кез келген уақытта аяғыңыздың тайып кетуі мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз.
•    Үйден шығарда координацияны жақсарту үшін бірнеше жаттығу жасаған  абзал. Мәселен, аяқтың ұшымен 20 рет отырып-тұру керек.
•    Тайғақ жолмен қатты жүріп келе жатқан көліктің алдын кесіп өтпеңіз. Дұрысы көліктің өтіп кетуін күтіп, асықпай жолдан өту. Сіз жолдан өтіп бара жатқан кезде абайсызда аяғыңыз тайып, құласаңыз жүргізуші абыржып, тежегішті басып үлгермей қалуы мүмкін.
Аяқ киімнің тайғанақ болмауы үшін не істеуге болады?
•    Аяқ киім жөндейтін шеберге барып, аяқ киім табанына тайғанамайтын резеңке төсеме жапсырыңыз.
•    Өзіңіз табаныңызға пластырьдың бірнеше бөлігін жапсырсаңыз болады. Бұл тәсіл бірнеше сағатқа аяқ киімді барынша қауіпсіз етеді.
•    Пластрьдың орнына жақсы киіз тәріздес немесе зімпар (бетін алып тастайтын) қағаздарды жапсыруға да болады.
•    Ескі аяқ киімнің табанын зімпармен (бетін алып тастайтын) тегістеу қажет.
•    Егер сіздің жапсыруға немесе тайғанап кетуге қарсы жапсырмаларды сатып алуға уақытыңыз бен мүмкіндігіңіз болмаса, етігіңізге немесе бәтеңкеңізге мақта-матадан жасалған шұлықты сыртынан кигізіп қойып, жүрсеңіз болады. Бұл ыңғайсыз болса да, сіздің қауіпсіздігіңізді барынша қамтамасыз етеді.
03 қаңтар 2018 ж. 1 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031