» » ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ


«Бүгін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді Сырдария ауданында жүзеге асыру жұмыстарын талқылау, жоспарларды айқындау және Жолдаудың негізгі басымдықтарын талдау мақсатында аудан әкімдігінде идеологиялық актив жиыны өтті.
Идеологиялық актив жиынын аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, Елбасы Жолдауының ерекшелігі мен маңыздылығы туралы кеңкөлемді баяндама жасады. Аудан көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстардың барысын түсіндіріп, Жолдау жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыру керектігін айтты. Идеологиялық актив жиыны барысында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева хабарлама жасады. Сонымен бірге, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі 10 бағыты егемен елді дамуға жетелейтінін атап өтті. Иделогоиялық актив жиыны қорытындысында тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.


31 қаңтар 2018 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031