» » Бояулар сыр шертеді

Бояулар сыр шертеді

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Бояулар  сыр шертеді» атты тақырыпта танымдық кеш өтті. Шараға сурет үйірме жетекшілері,  әуесқой суретшілер мен студенттер қатысты.
         Шараның мақсаты – жастарды сурет өнерінің қыр-сырымен таныстырып, қызығушылығын ояту. Танымдық кеште отандық танымал және шетелдік суретшілердің үздік картиналарының көшірмелері ұсынылды. Сурет үйірмесінің жетекшісі Баян Нұрмағанбетқызы және облыстық филармония жанындағы сурет үйірмесінің мұғалімі Нұрбек Серікбайұлы әр туындының мазмұндық сипатын түсіндіріп, жастарға бейнелеу өнерінің өміршеңдігі жайында мағлұмат айтты. Басқа да қылқалам шеберлері түрлі картина авторының еңбектеріне қысқаша шолу жасады. Осылайша жастар әлемдік картиналардың сырын ұғып, қызығушылық танытты.
15 ақпан 2018 ж. 1 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930