» » Бесікте білімді ұрпақ тербелсе...

Бесікте білімді ұрпақ тербелсе...

    Адами құндылықтардың барлық дамудың ең жоғары сатысында тұрғандығы аян. Осы тұрғыда әлемдік және отандық ғұлама ғалымдарымыз өз еңбектерінде адам капиталының еш нәрсемен алмастыра алмайтын өзіне ғана тән ерекшеліктерін атап көрсетеді. Оған мысалдар жетерлік. Мәселен, бүкіл шығыс елінің мақтанышы әл-Фараби өзінің әйгілі трактаттарында бұған тереңірек мән береді. Арқалы ақындарымыз мұны өз жырларының өзегі етсе, жазушыларымыз шығармаларына арқау қылады. Ал Елбасы Н.Назарбаев кезекті Жолдауында «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп айдар тағып, жетінші бағытпен: «Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деп атап көрсетеді. Президенттің әрбір Жолдауы дерлік балабақша, мектептен бастап жоғары оқу орнында берілетін жүйелі білім мен  ғылымды, тәртіп пен тәлімді үнемі назарда ұстап отыратындығымен құнды. Ұлттық кодты анықтап алмайынша барлық адами құндылыққа балаған ісіміздің берекесі болмайтынын да қадап айтады. Осы орайда біз білім алып, еңбек етіп жатқан Сыр бойындағы іргелі оқу ордасы – Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың бұл тұрғыдағы алымды да берекелі істерін айтқымыз келеді.
         Ғылыми әлеуеті жоғары білім ошағының қазіргі таңда PhD докторларды дайындап, оның бірнеше мамандықтары бойынша көптеген ғалымдар өз жұмысын сәтті қорғауда. Сонымен қатар, университет білімгерлері ашқан тың жаңалықтар қазірдің өзінде республика өндірісі мен өнеркәсібінде қолданысқа енуге дайын екенін мақтанышпен айтуға болады.Дамудың экономикалық жағы таразының бір басына шығар болса, онда оның екінші басында міндетті түрде руханияттың тұруы – заңдылық. Бұл – өзгермес қағида. Сондықтан «ел болып, бесігімізді түзесек», сол бесікте тербелер ұрпақ білімді болмақ.
Асыл Қожабайқызы,
ҚМУ-дың ІІІ курс докторанты
15 ақпан 2018 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930