АЙЫППҰЛДЫҢ МӨЛШЕРІ АЗАЙДЫ
2018 жылдың 9 қаңтарынан бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің кейбір баптарына біраз өзгертулер енгізіліп, салынатын айыппұлдың мөлшері де азайғаны белгілі. Яғни, 1 АЕК 2405 теңге болып белгіленді. Сондай-ақ кодексте айыппұл көлемі жоғары баптың бірі – 592 бап. Яғни белгіленген жылдамдықты асырып көлік басқару. Егер бұрын осы баптың 1-бөлігі бойынша (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырғаны үшін) 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (АЕК) айыппұл салынса, жаңа заңға сәйкес бұл айыппұл 5 АЕК-ке дейін төмендетілген. Сонымен қатар, осы баптың 2,3,4 баптары бойынша салынатын айыппұл мөлшерлері де, яғни жылдамдықты жиырмадан қырыққа, қырықтан астам және бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін салынатын айыппұлдар 15-тен – 10 АЕК, 30-дан – 20 АЕК-ке дейін төмендетілген.
Жалпы жол көлік оқиғасында кодекстің 592 бабы жиі бұзылады. Ал жаңа заң күшіне енгеннен бері осы бап бойынша салынған 2 млн 627 мың теңгенің 793 мың 650 теңгесін құқық бұзушылар өз еркімен төлеген.