Жағымды жаңалықтар
Ақтау қаласында дзюдодан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатынан жерлестеріміз жеңіспен оралды. Атап айтсақ Құндыз Жылқыбай (40 кг) жеңімпаз атанса, Нұрдәулет Аманқосов (50 кг) пен Әсел Бисембай (70 кг) және Тілеген Тынарбай (60 кг) 3-орынға ие болды.
Дзюдодан жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Арман Молдахановтың айтуынша, спортшылар наурыз айында Түркияда Еуропа кубогына, сәуірде Өзбекстанда Азия кубогына қатысады.
***
Ақсай қаласында каратэ-додан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирде жерлестеріміз 14 алтын, 7 күміс, 11 қола медальды қоржынға салды. Диас Каналбеков, Бауыржан Садуақасов, (кумитэ, ката), Ибраxим Раушанбек, Олжас Мұxит, Бақдәулет Тұржігіт, Данияр Жарылқасын, Ернұр Сайранұлы, Мағжан Әбдіқадыр, Константин Ню, Бақдәулет Құбаш, Досымжан Әшірбай, Сымбат Әлайдар, Дамир Камал жарыстың биік тұғырынан көрінді. Ал күміс медаль алғандар: Миxаил Иванов, Диас Арманұлы, Хадия Асылбек, Камилла Өмірзақ, Диас Көшенбаев, Диас Молдабеков. Үздік үштіктен көрінгендер: Айбар Қажымұқан, Еркін Әбіш, Ерсұлтан Рақым, Сұңғат Жәнібек, Бекзат Ишанбек, Аслан Орақбаев, Дінмұхаммед Исмаилов, Дамир Есдаулет, Ербол Үсенбек, Әбдіқалық Дінмұхаммед.
***
Қарағандыда футзалдан әуесқойлар арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті. Әр аймақтың үздіктері бас қосқан доп додасында қызылордалық «Зенит» клубы күміс жүлдегер атанды. Команда ақтық сында елордалық «Бірлік» командасына есе жіберді. Сонымен қатар «Зениттің» шабуылшысы Нұрхан Байзақов «үздік сұрмерген» атанды.