Мақсатымыз – айқын
Ақиқатын айту керек, жаңа жылға қадам басқан сайын «Биыл Елбасы Жолдауында не айтылады екен?» деп, жарғақ құлағымыз жастыққа тимей жаңалық тосып жүретін болдық. Тағатсыздана күткен жаңалығымыз: қаңтардың алғашқы он күндігін түйіндей ел Преиденті тұтас Қазақ елінің халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталған даму бағдарламасын, болашаққа бағдаршам болар Жолдауын жариялады. Барлық сала қамтылған жолдауда білім саласына да жете мән берілген.
Бұл күнде білім ошақтарындағы ұстаздар қауымы жаңартылған мазмұндағы білім беру үрдісіне қайта даярлаудан өтіп, біліктіліктерін көтеру үстінде. 2021 жылы бұл мазмұндағы білім беру қолданысқа енетін болады. Ал барлық өңірлердегі Оқушылар сарайының базасындағы компьютерлер, лабораториялар, сондай-ақ, 3D принтерлерді көбейту – балалардың ғылыми ізденіске, жаңашылдыққа құмартып, биіктерге қанат қағуларының жемісі болмақ. Даму даңғылына түскен білім саласына Елбасы да өзінің оң бағасын беріп, әрі қарай дамыту үшін тапсырмаларын да жүктеді. Жолдау маңдай терін сылып алып қызмет етіп жүрген әрбір ұстазды қанаттандырды деп ойлаймын.
Аружан Алмасқызы,№217 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.