» » ҚАЛЖЫҢ ҚАЛТА

ҚАЛЖЫҢ ҚАЛТА


  • БОЙДАҚТЫҚПЕН БЕЛДЕСУ
  • Бір күні баласы анасына келіп: – Бойдақ өмірден шаршадым. Үйленемін деп шештім. Бұған қалай қарайсыз?- депті. Сонда анасы аң-таң болып: – Ойбай ау келін қай рудан?
  • – Жаппас
– Ооо, жаппас! «Сау басыңа сақина» тілеп алды дегенің осы. Сен олардың қандай екенін білмейді екенсің. Жаппастар үйленгеннен кейін төбеңе шығып, билікті қолдарына алады. Айтқанын істетпей қоймайды.
– Оны сіз қайдан білесіз?
– Өзім жаппас емеспін бе?!
БАЖАЛАР БАСҚОСУЫ
 Үш дос моншада бас қосыпты. Сонда екеуінің келіншегі қоңырат руынан екен. Екеуі мақтанып жатыр дейді. «Біз әлемге әйгілі Шыңғысханның бажасымыз» деп. Сонда үшіншісі: – Мен де Шыңғысханның бажасымын депті.
– Сенің келіншегің қыпшақ емес пе? Қалай бажа боласың десе.
 – Достарым-ау Шыңғысханның 500 әйелі болды емес пе? Соның біреуі қыпшақ болған шығар, деп сөз тауыпты.
  • «Е» ДЕГЕН ФАМИЛИЯ
  • Студент кәріс жігіті  лекция үстінде айналасындағылармен әзіл-қалжың құрып, тыныштықты бұза береді. Оқытушының жүйкесіне тие бергесін, студентті орнынан тұрғызады.
  • – Қарағым, сенің  фамилияң кім өзі?
  • – Е-е,- деп әлгі бала манаурап тұра береді.
  • – Мен сенің фамилияңды сұрап тұрмын.
  • – Е-е, - дейді тағы да әлгі бала «сол ма еді?» дегендей.
  • – Шық, аудиториядан!
  • Жыны келген оқытушы студентті аудиториядан қуып шығар кезде көршілері көмекке келеді.
  • – Ағай, ол баланың фамилиясы шынында да Е.
  • Сөйтсе кәріс баланың фамилиясы Е екен.
***
 
– Бұл  кім?
– Тонаушылармыз!
– Сендерге не керек?
– Алтын.
– 75 килолық па,75 грамдық па?
Отағасы әйеліне қарап жымияды:
– Бара ғой, алтыным, саған кісілер келіп тұр.
***
– Қараңызшы,  деп күйінеді көршісі, – Неткен бейбастықтық.  Сіздің үш балаңыз тағы біздің алма ағашқа шығып алып, бұта аралап отыр.
– Құдай-ай,- деп көрші әйел жан-жағына алаңдайды. – Төртіншісі қайда екен?!
***
 Екі кісі сырласып отыр.
– Әйелден ажырасу дегеніңіз қандай қиын екенін білесің бе?- деп мұңаяды біріншісі.
– Ия, «атың жаман болса сатып құтыласың, әйелің жаман болса қайтіп құтыласың» деген ғой,-дейді оған екіншісі.
22 ақпан 2018 ж. 1 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930