ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейде тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – елімнің рухани жаңғыруының бастауы» атты семинар өтті.
Жаңғыруға бет алған еркін мемлекеттің алған асулары мен алдағы белесі жайлы баяндалған семинардың маңызы зор. Аталмыш семинарға қалаішілік мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, тәжірибе алмасты. Аз уақыттың ішінде әлемнің дамыған мемлекетінің қатарына қосылған еліміз бүгінде жаңғырудың даңғыл жолын бастан өткеруде. Тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызды бағалай білу де, гүлденген келешекке сенім де осы рухани жаңғыру аясында арта түспек. Салтанатты жиында «Жас Ұлан» ұйымына оқушылар қабылданып, оқушылар өнерін көрсетті. Шара соңы тағылым, таным сабақтарына ұласып, ой-талқы, отбасылық эстафеталық сайыстарға жалғасты.