ӨРЕНДЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай каратэ-додан қалалық ашық біріншілік өз мәресіне жетті. Бәсі биік бәсекеге Белкөл кентіндегі №189 орта мектеп оқушылары да атсалысып, жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, М.Иманғали, Жұмаділов, М.Ерболқызы, Д.Нұрбекқызы, Б.Омаров жарыстың биік тұғырынан көрінсе, Д.Арманұлы, М.Балтабай, М.Садуақас, З.Доданқызы II орынға ие болды. Ал, А.Манатбек, Е.Бекболат үздік үштікті түйіндеді. Жүлдегерлер қатарынан көрінген өрендер бапкер Т.Әбдірамановқа алғыс білдірді.
Сандуғаш ӘБІЛҚАСЫМ
ҚМУ-дың IV курс студенті