Қызылорда педагогикалық колледжі - І орын иегері

Сайысқа қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті:
Бірінші кезең - «Таныстыру». Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) топ мүшелерін, топтың логотипін, ұрандарын таныстырды; екінші - «Талаптыға нұр жауар» кезеңін топ мүшелері билет арқылы берілген тақырып бойынша үш тілде диалог жүргізді; үшінші - «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде берілген мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) аудармасын айтты; төртінші -Үй тапсырмасы. «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңінде әр топ үштілділік жайлы дайындап келген көріністерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің «Көптілді ұрпақтар» тобы жеңіп алса, ІІ орынды Болашақ университеті колледжінің «Болашақ жалыны» және Абылайхан атындағы жоғары колледжінің «Көшбасшылар» топтары, ІІІ орынды Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Бейбітшілік» және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қыран» топтары иеленді.
Сайыс жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.