» » КЕРІ АЙНАЛМАЙТЫН УАҚЫТ

КЕРІ АЙНАЛМАЙТЫН УАҚЫТ


Адам өміріндегі әрбір сәт – қайта оралмайтын құбылыс. Барлық  адамның жүрегінің түпкірінде кайтарғысы келетін сәттер бар. Себебі, біз сол сәтте өзімізді әлдеқайда бақытты болғандай сезінеміз. Уақытты артқа бұрып қойып, сол кезге оралып, қайтадан сол жерде тап болсақ екен деп те армандаймыз немесе бізге жақын адамдарға біз үшін қаншалықты маңызды екенін айтқымыз келеді.
 Жер бетінде уақытты кері айналдыру былай тұрсын, балалық шағына қайта оралғысы келмейтін пенде кемде-кем шығар! Мен де  өзімнің бала кезіме қайта оралғым келеді. Жоқ, тек  қана балалар секілді еш уайымсыз болу үшін емес. Жай ғана жақындарыма өздерін қаншалықты жақсы көретінімді айту үшін. Есейген соң оларға өз ойымды ашық айтуды доғарамыз ғой. Барлық адам өз жақындарын, ата-анасын жанынан артық жақсы көреді. Бірақ оны барлығы бірдей айта алмайды. Тіпті, мен де ата-анама жақсы көретінімді айтуды азайтып бара  жатқандаймын. Сондықтан қайтадан кішкентай балаға айналып, ата-анамды, өзіме жақын адамдарымды жеке-жеке қатты құшақтап: «Мен үшін сіздердің орындарыңыз бөлек. Сіздерге алғысым шексіз» дегім келеді.
Ешқашан   жақындарыңызға  өздерін  еш себепсіз жақсы көретінімізді айтуды доғара көрмеңіздер. Уакытты артқа қайтару мүмкін емес!
     
Данагүл  Әсетқызы,
№ 11 мектеп-лицей  оқушысы
 
            
12 шілде 2018 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031