» » ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕ РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕ РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

Ыстық ауа-райында адамдарға демалыс орындарын таңдау туындаған кезде су айдындары жиі таңдалады. Биылғы жылдың 11 шілдесі күні «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі және «Qyzylorda» телеарнасының өкілдерімен бірлесіп адамдардың су айдындарында қайғылы жағдайларлың алдын-алу мақсатында Сырдария өзені жағасы, Қызылорда каналы және «Эдельвейс» саяжайларында суға шомылуға жабдықталмаған орындарда түнгі мезгілде рейд жүргізді.
Рейд кезінде жасақ құтқарушылары тұрғындарға өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді. Азаматтарға су айдынына күндіз шомылған қауіпсіз екенін, жалғыз болып және жағадан алысқа қарай шомылмау керектігін еске салды.
Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – су айдынында алкогольдік ішімдіктер пайдалану, өз-өзін шектен тыс бағалау және су жағасында балалардың ересектердің қадағалауынсыз қалуын түсіндірді.
Кейбір демалушылар жағажайда алкогольдік сусынның бөтелкесімен бірге отырады, сонан соң суға сүңгиді. Сондықтан мұндай азаматтарды көрген соң, құтқарушылар оларға жағажайда алкогольді ішімдіктерді ішіп, содан кейін мас күйінде шомылып қайғылы жағдайларға тап болуы мүмкін екенін түсіндірді.
Күн батқан кезде су мен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Осыған байланысты суық суға шомылу және қандағы алкоголь деңгейінің жоғарылауы бұлшықеттің тартылуына себеп болуы мүмкін.
Денедегі бақылаудың жоғалуы судағы өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел құтқару жасағы
13 шілде 2018 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031