» » :аңа ұлттық компания құрылады

:аңа ұлттық компания құрылады

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиацияның тиімділігін арттыру туралы айтты. «Британдық құрылымның баламасы бойынша біз акционерлік қоғам формасында жаңа ұлттық компанияны құруды көздеп отырмыз. Ол барлық бақылау-қадағалау жұмысын, техникалық қызмет көрсетуді, кадрларды даярлау жұмыстарын атқаратын болады», - делінген министрліктің редакцияға берген жауап хатында. Ведомствода аталып өткендей, жаңа компания жоғары еңбекақыны қамтамасыз етіп, шетелдік мамандарды қажетті мамандықтарға тартуға, білікті мамандардың тәжірибесін ұлттық кадрлармен бөлісуге, шет мемлекеттерде еңбек өтілі мен оқуды қамтамасыз етуге жол ашады. «2019 жылдың алғашқы тоқсанында жаңа компания жұмысын бастап кетеді деп отырмыз. Қазіргі таңда біз оның құрылымын толық аяқтап, мемлекеттік органдармен заңнамалық тұрғыдағы өзгерістер бойынша келісіп, аталған ұйымның арнайы мәртебесін бекіткелі, яғни қабылданған шешім тұрғысында мемлекеттік дәрежеге теңестіргелі жатырмыз», - дейді сарапшылар. Министрлікте аталып өткендей, аталған қадам барлық құрылымдарға жауапкершілікті сақтауға мүмкіндік береді. «Жылдың соңына дейін жобаны Парламент қарап, келесі жылдың басынан бастап ол қолданысқа енгізіледі», - делінген жауап хатта.

17 шілде 2018 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031