Халық санағы өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева баспасөз конференциясын өткізді. Онда сала басшысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі бағыты бойынша атқарылған жұмыспен таныстырды.
Елбасы жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан халықының әлеуметтік және экономикалық даму бағытына ерекше мән береді. Президенттің соңғы үндеуі қай салаға да болмасын үлкен серпін берді. Түрлі саланы қамтыған 10 бағыт бойынша мемлекеттің одан әрі өркендеуі үшін тиісті тапсырма жүктелді. Аталған міндеттер аясында біздің аймақта ілкімді істер атқарылған. Сала басшысы солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.
2019 жылғы ҚР Ұлттық халық санағын өткізуге байланысты дайындық жұмысын пысықтады.
– 2019 жылдың қазан айында ұлттық халық санағын өткізу жоспарланған. Бұл санақта ақпараттық технологияға басымдық беріледі. Басым көпшілігінде дәстүрлі әдіспен 30% ғаламтор желісі арқылы және 70% қолайлы-есептеуіш құрылғы арқылы өткізіледі, – деді М.Баекеева.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА