» » Мектеп, балабақша арасында кең тараған ауру – вирусты гипатит А

Мектеп, балабақша арасында кең тараған ауру – вирусты гипатит А

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді. «Былтырмен салыстырғанда вирусты гипатит А жоғары болып тұр. Былтыр 18 жағдай тіркелсе, ағымды жылы 25 жағдай орын алған. Яки 6 жағдайға көбейген. Оның алдын алу шаралары жүргізілуде. Биыл 250 млн. теңгеге вакцина алдық. Қыркүйек айында қосымша вакцина келеді деп күтілуде» – деді Ұлбосын Өмірбайқызы.
Бұл ауру жұқпалы жедел ішек тобына кіреді. А гепатиті немесе Боткин ауруы  –  вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі. Аурудың жасырын кезеңі (залалдағаннан бастап, гепатиттің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады. А гепатитінің өзіндік таралу жолдары –  тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас және вирустармен залалданған тамақ пен су. Сонымен бірге кір қол арқылы берілетіндіктен А гипатитімен көбінесе балалар ауырады.
          Айта кетейік, облыс көлемінде жұқпалы аурулар бойынша аурушаңдық көрсеткіші төмендеді. Лямблиоз 3,7 есеге, жұқпалы жіті ішек аурулар тобы – 43 %-ға, соның ішінде анықталған вирусты және бактериалды ішек аурулары – 43,9 %-ға, биттеу – 3,7%-ға, тамақтан улану жағдайлары – 21,4 %-ға, алғаш анықталған созылмалы вирусты гепатит – 6 %-ға, өкпе туберкулезі, бактериалдық дизентерия, жіті вирусты гепатит С – түрі – 5 %-ға, сарып, анықталмаған вирусты және бактериалды ішек аурулары – 4 жағдайға азайған. Сондай-ақ облыс бойынша кене шағу жағдайымен 708 адам медициналық көмекке жүгінген (2017 жылдың осы кезінде 992 кене шағу) яғни өткен жылмен салыстырғанда 28 %-ға төмендеген. Әлі де кенеден қауіп бар.
Мөлдір САБЫРЖАН
19 шілде 2018 ж. 1 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031