» » КҮН АУРУЛАРЫ

КҮН АУРУЛАРЫ

Жаз. Ағзаңыз күнге қыздырынуды қалайды. Осы үшін кейбіріміз мұхит асамыз, қалтамызды қағып, жиған-тергенімізді шашамыз. Таяқтың екі ұшы болады емес пе?! Ендеше, күнге қыздырынудың пайдасы мен зиянын біліп алыңыз.
      Гиппократтың барлық аурудың емі күн деп айтып кеткені белгілі. Ультракүлгін сәуленің әсерінен тері тез қызарып, оның зат алмасуы, қан айналымы жақсаратын көрінеді. Терідегі минерал заттардың алмасуын қалыптастыратын «Д» дәрумені көбейіп, сынғыш, әлсіз сүйектің жетілуіне, қажетті дәруменді сіңіруге себеп болады. Сондай-ақ тіс, тырнақ, шашқа ең қажетті кальцийді алмастыруға көмектеседі. Ең бастысы, күн сәулесі арқылы терідегі саңырауқұлақты аурулардың микробтарын жоюға болады. Күнге күю әртүрлі тері ауруларын (терлегіштік, безеу және тағы басқа) емдеуге пайдалы. Қысқасы, күн сәулесінің адам ағзасына пайдасы жетерлік.
     Дегенмен, дәрігерлер күнде көп жүруге болмайтынын ескертеді. Мамандардың айтуынша, күннің астында ұзақ уақыт жүру салдарынан түрлі тері аурулары пайда болады. Мәселен, фотодерматит – күн сәулесінен пайда болатын ауру. Адамның денесінде бөртпелер пайда болып, қышып, мазаны алады. Көбіне бетке, мойынға, қол-аяққа шығады. Бұл ауру арнайы мамандардың бақылауымен емделеді. Сондай-ақ дәрігерлердің айтуынша, күн көзінде шамадан көп қыздырыну тері обырына әкеп соқтырады. Әсіресе, терісі аққұба, сепкілге бейім жандардың күн көзінде ұзақ жүруіне немесе қыздырынуына болмайды екен. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен тері күнге күйіп қалады. Тері қызарып, сезімталдығы артып, қышиды. Бірнеше күннен кейін қабыршақтанып түседі. Әсіресе терісі ақ адамдар мен секпіл жиі шығатын адамдар қатты күйеді.  Күйікті қалай емдеуге болады? Теріңіздің қызарғанын байқаған бойда күн көзінен бой тасалаңыз. Жабық ғимаратқа кірген абзал. Көбірек су ішіңіз. Ол теріні жылдам қалыпқа келтіруге көмектеседі. Теріні 20 минут бойы салқын су астында ұстаңыз немесе шүберекті салқын суға малып алып, теріге басыңыз. Ауырсынғанын басу үшін парацетамол немесе ибупрофен ішіңіз. Теріңіз қайта қалпына келгенге дейін жабық әрі кең киім киіп жүріңіз.
19 шілде 2018 ж. 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031