» » Мәселе қаралды

Мәселе қаралды

Денсаулық сақтау саласында осы жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша 73 нысанның құрылысы аяқталып, 46 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Үкімет үйінде өткен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері жөніндегі кеңесте осылай деп мәлімдеді - деп хабарлайды primeminister.kz.
Кеңес барысында жаңа экономика талаптарына сәйкес еңбек нарығын дамыту, денсаулық сақтау, өнімді жұмыспен қамту бойынша І жарты жылдықтың алдын ала есебі мен 2018 жылғы жоспар тыңдалды.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бәсекелестікті және жеке медицинаны дамыту, дәрі-дәрмек нарығын, медициналық туризмді және импортты алмастыруды арттыру, негізгі аурулардың ауыртпалығын төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру туралы баяндады. Тексертулерді қысқартуға, субъектілердің қызметіне лауазымды тұлғалардың араласуына жағдай жасау арқылы бизнеске көрсетілетін қысымды төмендету үшін 13 бақылау және қадағалау функциялары шектеліпті. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін емханаларда 209 цифрлық пост құрылды, республиканың барлық өңірлерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің озық орталықтары ашылды және 118 медициналық ұйымда ауруларды емдеу бағдарламасы енгізілді. 
19 шілде 2018 ж. 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031