Құлпынай жинайтын робот
Құлпынайды тездетіп жинау әдісін жапондықтар ойлап тапты. Shibuya Seiki компаниясының инженерлері піскен құлпынайды өзі тауып, үзе қоятын роботты шығарды. Биіктігі 2 метрге жететін робот егістік қатарын аралап, піскен құлпынайды өзі ажыратады. Ажыратып қоймай, арнайы себетке тездетіп теріп, уақытты үнемдейді. Бір құлпынайды үзуге небәрі 8 секунд уақыт кетеді. Үш бейнекамерасы жұмыс жасайтын, бұл құрылғының механикалық қолдары да бар. Олар жемісті үзуге арналған. Аталмыш туындыны жасауға Жапонияда жиналатын құлпынай процессі әсер еткен. Өйткені, бұл елде оған ұзақ уақыт жұмсалатын. Ал, роботты жасаушылар енді мұны жеңіл жұмысқа айналдыруға әбден болады деп отыр.