» » Темір адам емтихан тапсырды

Темір адам емтихан тапсырды

Қытай тарихында алғаш рет «Сяо И» атты робот дәрігерлік мансабын бастау үшін мемлекеттік емтихан тапсырды. Аталған емтиханды тапсыру үшін арнайы 10 сағат бөлінеді. Алайда робот бұл емтиханды небәрі 60 минут ішінде тапсырған. Сонымен қатар, болашақ дәрігерлер емтиханнан өту үшін кем дегенде 96 ұпай жинауы тиіс. Ал «Сяо И» 600 ұпайдың 456-сын жинаған. Тестіні тапсыру кезінде оны 10 маман бақылаған екен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тестілеу кезінде «Сяо И» интернет сынды қосымша көмектерді пайдаланбаған. Тек жадындағы ақпараттарға сүйенген. Цинхуа У Цзи университеті электронды көлік құрастыру факультеті деканының айтуынша, аталған роботтың адамдарға қарағанда артықшылығы көп. Мысалы, ол адамдарға қарағанда көп ақпаратты жадында сақтай алатынымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, маман медицина саласына мұндай роботтардың керек екенін айтты.
«Сяо Иды» аталған емтиханға дайындау үшін бір жарым жыл дайындалған. 2016 жылдың маусым айынан бастап роботты жасап шығарушылар оның жадына қажетті ақпараттарды енгізе бастаған. Бүгінде робот 60 арнайы оқулық пен медицинаға қатысты кітаптардағы ақпаратты жадында сақтап тұр. Бұдан өзге, ауруханада бірнеше рет науқастармен тәжірибе жасап үлгерген. Бүгінде қытайлық роботтың тіске арналған отаны сәтті жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ал Қытай елді-мекенінің бірінде тек роботтардан тұратын полиция бөлімшесі ашылмақ.
01 ақпан 2018 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031