» » Илон Маск саяси ойын ойнап жүр − Forbes

Илон Маск саяси ойын ойнап жүр − Forbes

Илон Масктің саяси кампанияларды қаржыландырғаны белгілі болды.
Соңғы кездері Илон Масктің төңірегіндегі дау-дамайға ешкімнің қатысы жоқ. ProPublica коммерциялық емес қоғамдық ұйымы жақында саяси кампанияларға салынған соңғы онжылдықтағы жарналар туралы мәліметтерді көпшілік назарына ұсынды. Онда жеке кандидаттарға, партиялар мен саяси комитеттерге салынған жарналар толық қамтылған. Көпшілік бұл саяси компанияларды Шелдон Адельсон секілді миллиардерлер қаржыландыратынын білгенімен, бұл қатардан Илон Маск есімін көріп, таңғалғандары рас.
Инженер және техникалық кәсіпкер Илон Маск маусым айында Иллмонойс штатындағы Чикагода болып, қала мэрі Рэм Эмануэльдің жоғары жылдамдықты транзит тунелінің құрылысы туралы сөйлеген сөзіне куә болды. Сол кезде Илон Маск жоғары жылдамдықты темір жол жүйесіне лайықтап жолаушыларға арналған көлік құралын жасай алатынын айтты. Оның айтуынша, жаңа транспорт Чикаго қаласының ортасынан О'хара халықаралық әуежайына дейін жолаушылардың сағатына 100 миль жылдамдықпен жиырма минуттың ішінде жеткізе алады.
Тесла – жаңа америкалық автоөндіруші. Бұл компания аздаған көлік құралын жасап, қаржылық керемет нәтиже болмаса да, аздаған пайда табуды көздейді. Әрине, жүз жылдардан соң. Бір айта кетерлігі, компания дәстүрлі жарнамаға бір тиын да жұмсамай бүгінгі жетістікке жетіп отыр. Дегенмен, бұл нәтижеге жетуге компания басшысы Илон Масктің әлеуметтік медианы белсенді қолдануы мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы да белгілі бір деңгейде әсер етті.
Өздеріңіз де соңғы уақыттарда байқағандай, әлеуметтік медиа бүгінде Тесла компаниясы үшін өз-өзне бағытталған қанжарға айналды. Себебі Илон Масктің республикалық партия өкілдеріне көрсеткен саяси қолдауына оның табынушылары оң көзқараста емес екендіктерін танытып отыр.
Соңғы жылдары Илон Маск климаттың өзгеруі туралы көп айтты. Ал өзі Gulfstream іскери ұшағын әлемді аралауға да, тіпті, Лос-Анджелестен Сан-Францискоға бару үшін де пайдаланды. Оның табынушылары Илон Масктің Республикалық конгрестің ұлттық комитетіне жүздеген мың доллар қаржы салғанын естіп, алай-дүлей күй кешті. Әрине, Маск көптеген жыл бойы демократтарға да қаржылай көмек көрсетіп келеді. Дегенмен, соңғы мәліметтерден оның Республикалық партияға басымдық беретіні анық байқалады.
Мен бірнеше жыл бойы Илон Маскт бақыладым. Оның Тесла компаниясындағы жұмысын жоғары бағалаймын әрі электр қозғалтқышын дамытып жатқанына да ризамын. Илон Масктің өз-өзін жарнамалауынсыз ол да, оның компаниясы да кез келген автоөндіруші үшін керек-ақ.
Бүгінде Масктің өз ісіне табынушылардың наразылықтарына қарамастан Тесла компаниясы табыс соңынан кетіп, сапа мен өндіріс проблемасынан құтыла алмай отыр. Бұл проблемалар Илон Маск үшін өте қауіпті. Ол қазбалы байлықтар туралы өз көзқарасы мен ойын ашық айтып жүргенімен, Илон Маскті жақсы бизнес менеджер деуге келмейді.
Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек

25 шілде 2018 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031