» » Денис Тен ісі. Үшінші күдіктінің есімі белгілі болды

Денис Тен ісі. Үшінші күдіктінің есімі белгілі болды

Алматы қалалық соты Олимпиада жеңімпазы Денис Тен өлімі туралы іске қатысы бар үшінші күдіктінің есімін жариялады.
Үшінші күдікті Жанар Толыбаева есімді азамат болып шықты. Алмалы аудандық сотының шешімімен Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды.
«Жанар Толыбаева ҚР ҚК 434-бап бойынша «Алдын ала дайындалған немесе жасалған ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін», 188, 2 б., 1 б. «Алдын ала сөз байласу бойынша ұрлық жасау» бабына сәйкес тұтқындалды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бас прокуратура аталған іске қатысты үшінші күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады. ҚР Бас прокурор орынбасары Марат Ахметжановтың сөзінше, күдікті қылмыс туралы біліп тұрып хабарламаған.


27 шілде 2018 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031