» » ҚР ІІМ министрдің отставкасына қатысты пікір білдірді

ҚР ІІМ министрдің отставкасына қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрлігінде ведомство басшысының отставкасы туралы Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің талабына пікір білдірді.
«Министрдің отставкасы туралы мәселеге тоқталсақ, өздеріңіз білесіздер, бұл жағдай Ішкі істер министрлігінің құзырында емес. Бұл сауалға қатысты тыңғылықты жауап бере алмаймын. Министр сапарда жүргендіктен, баспасөз мәслихатына қатыса алмады», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.
Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
25 шілде 2018 ж. 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031