Қызылордада мұнай ұрлығына қатысты 21 адам сотталуда

Мұнай ұрлығымен айналысу фактісіне қатысты күдікті 21 адамнан жауап алынуда. Олардың 12-сі қамауға алынған. Құқық бұзушылардың қатарында Қызылордадағы мұнай компанияларының жұмысшылары мен кәсіпорын күзетшілері, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары бар.
Сотта белгілі болғандай, 9 күдікті өздерінің кінәсін мойындаса, 6 күдікті жартылай мойындаған. Ал қалған 6 күдікті кінәларын мүлде мойындамайтындарын айтқан.
Еске сала кетейік, былтыр 16 мамырда ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топ ісі бойынша ауқымды арнайы операциялар жүргізген болатын.