» » Бір тәуліктен бері 140 адам Ақтаудан Антальяға ұша алмай жатыр

Бір тәуліктен бері 140 адам Ақтаудан Антальяға ұша алмай жатыр

Sunkar Air әуе компаниясының Ақтау-Анталья бағытындағы рейсі кесте бойынша 30 шілде таңғы 7.00-де ұшуы тиіс болған. Алайда жолаушылар бір күн бойы ұша алмай отыр.
«Әуе компаниясы рейсті бірнеше рет кейінге қалдырды. Компания өкілдерінің бізге келмегені таңғалдырды. Ешкім түсіндіре алмайды. Бізге ұшамыз ба, жоқ па айта алмайды. Бізді осындай түсінбестік үшін әуежайда ұстап отыр. Тіпті өз қаражатымызбен екі рет әуежайға келіп-кеттік. Бізге су да, тамақ та берген жоқ. Мұнда 150 адам бар, оның 40-ы - бала. Бүгін таңертең 22.00-де ұшатынымызды айтты», - деді жолаушылардың бірі.
Ал Sunkar Air әуе компаниясының директоры Талғат Жолдыбаев рейс техникалық проблемалар болған соң кешігіп жатқанын айтты.

31 шілде 2018 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031