» » Қазалылық шебердің бастамасы

Қазалылық шебердің бастамасы


Қазалылық кәсіпкер Оңталап Іскендіров автобөлшектерді шығаруды қолға алған. Бірнеше жыл бұрын өз кәсібін бастаған Жанқожа батыр ауылының тұрғыны жақында мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, . автокөліктерге қажетті сайлентблок шығаруды бастап кетті.
Оңталап алдымен өзіне қажетті 380 вольттық ток шығаратын мотор, қиюға, тесуге қажетті аппарат сатып алған. Сосын “К-700”, “Т-150” тракторларының дөңгелегін іздестіре бастайды. Оны табу жергілікті жерден еш қиындық тудырмағаны анық. Осылайша өнертапқыш өз ісін бастаған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болып, 1 млн қаржыны ұтып алды. Енді ол қаржыға жұмысын жеңілдететін тағы да шетелдік аппарат сатып алмақшы. Сол кезде жұмыстың өнімділігі артып, бір адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады деген сенімде.
Кәсіпкер-өнертапқыштың бұл ісіне жергілікті көлік тізгіндеушілер де риза көрінеді. Сапалы сайлентблоктарын көлігіне орнатқан жүргізушілердің шеберге айтар алғысы шексіз. Олардың айтуынша, базарда толып тұрған автобөлшектерге қарағанда қолдан жасалған заттың сапасы әлдеқайда жоғары және ұзақ мерзімге жарайды. Алдағы уақытта Оңталап бұл кәсібін кеңейткісі келеді. Себебі, сайлентблоктарға тапсырыс берушілердің саны күннен-күнге артуда. Техниканың тілін тапқан  кәсіпкер ісімен де, шеберлігімен де көпке үлгі.
02 тамыз 2018 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031