ЖЫЛ КӘСІПКЕРІ

Қайсар Төлегенов – экологиялық таза «Талдысу» сусынын шығаратын жас кәсіпкер. Кәсібінің ерекше бағыты – дені сау ұрпақ қалыптастыруда маңызы зор. Кәсіпкердің келелі ісі Жаңақорғаннан шыққан жаңалықтың біріне айналды. Қазір тауарды тарату аумағы кеңейген кәсіпорын бастапқы кездегі шығарған минералды сумен шектелмей, шабдалы мен лимон шырыны қосылған қара және көк шай шығаруды да қолға алды.  Тауар сапасы халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. Күніне 2500-3000 литр көлемінде өнім шығарып, тапсырыс түскен жерге тегін жеткізіледі. Бүгінде «Талдысуға» Атырау мен Ақтаудан тапсырыс түсуде. Жас та болса, бас болып жүрген, бес адамды жұмыспен қамтыған Қайсар Төлегеновтың ізденісі мен талпынысына таңданып, әке-шешенің мойнында отырған талай азаматқа үлгі етеміз.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031