» » МОТОР МАЙЫН АУЫСТЫРЫП ТҰРЫҢЫЗ

МОТОР МАЙЫН АУЫСТЫРЫП ТҰРЫҢЫЗ


Екінің бірі көлік тізгіндесе де, оны жөндеу жағына келгенде тым олақ екеніміз жасырын емес. Тіпті, қарапайым мотор майын ауыстыру мерзімін де ұмытып, өз көлігімізге өзіміз нұқсан келтіреміз. Ал мотор майының сіздің көлік үшін ең маңызды екенін білесіз бе?
Рүстем Кәкішов, «Чемпион» май ауыстыру орталығының қызметкері:
– Сіздің көлігіңіздің моторы  кәдімгі жүрек қызмет атқарады. Демек, көліктің «жүрегі» жақсы жұмыс жасаса, діттеген жеріңе дер кезінде, «ауру-сырқаусыз» тез жеткізеді деген сөз.
Мотор жақсы жұмыс жасау үшін ондағы майды жиі ауыстырып тұрған дұрыс, ауыстырған сайын оның сапасы жақсы әрі қозғалтқыш пен машина ұзақ қызмет етеді. Жақсы майдың құны да арзан емес, өндірушіге және бағасына қарай, бір мотор майын таңдау керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде жасанды май өндірушілер көп. Ондай жағдайда, жасанды майды сатып алмау үшін тексерілген сатушылардан, арнайы компаниямен келісім-шартқа отырған кәсіпкерден сатып алу керек. Сонымен қатар, өзіңе ұнаған мотор майының сапасы туралы басқа пайдаланушылардың пікірін де байқап көріңіз. Сүзгі де солай. Кейде бізде май ауыстырғанмен оның сүзгісі «әзірге жарайды» деген немқұрайлылықпен ауыстыруды кейінге қалдырылады. Бұлай болмайды. Мотор майымен бірге жаңа сүзгі орнатыңыз. Әсіресе, табиғаты жел, шаңға толы біздің облыста жиі ауыстырып тұрған абзал.
02 тамыз 2018 ж. 1 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031