» » Контрабандалық жүк тәркіленді

Контрабандалық жүк тәркіленді


«Қуаңдария» шекара комендатурасы және «Қосшың» заставасы бірлесе ұйымдастырған жедел топ шекарада ауыстырылуға дайындалған көліктердегі контрабандалық жүкті тәркілеп, осы істі жүзеге асыруды көздеген екі азаматты құрықтады. Енді сот шешімі күтілуде. Процесуалдық шешім қабылдау мақсатында контрабандалық жүктер Қызылорда облыстық мемлекеттік табыс департаментіне жолданды.
Айта кетейік, 2019 әскери бөлімі мемлекет мүддесі жолында табанды еңбегімен танылып келеді. Ал, Қызылорда шекара отрядының «Қосшың» заставасы бекітілген 47,9 км шекара аумағын лайықты күзетіп келе жатқан заставалардың бірі. Қазіргі уақытта шекара күзету құралдарымен және көліктермен қамтамасыз етілген «Қуаңдария» комендатурасы және оған қарасты «Қосшың» заставасы бірлесе жұмыс істеуде.
02 тамыз 2018 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031