» » 100 МЫҢ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

100 МЫҢ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ


Жыл басынан бері 700-ден астам лауазымды шенеунік жемқорлығы үшін ұсталған. Бұл ақпаратты қызметінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындысын шығарған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жария етті. 
Ол барлық салаларда жоғары лауазымды тұлға­лар­дың қатысуымен жасалған, жүйелі жолға қойыл­ған сыбайлас жемқорлық фактілері әшке­ре­лен­­генін мәлімдеді. Осы орайда жүйелі коррупцияның 64 дерегінің жолы кесілген. Оның аясында 192 лауазым­ды тұлға қазір қылмыстық жазаға тартылуда.
– Жалпы алғанда, жыл басталғалы бері Ұлттық бюро 1,5 мыңнан астам қылмыстың бетін ашты. 700-ден астам тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 18-і – республикалық, 55-і – облыс­тық, 101-і – қалалық және аудандық деңгей­лер­дегі лауазымды тұлғалар. Олардың арасында энергетика вице-министрлері, Сыртқы саясат ведомствосының жауапты хатшысы, Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттерінің төрағасы мен төраға орынбасары, ұлттық компаниялар­дың топ-менеджерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі судьялар бар, – деп хабарлады Алик Шпекбаев.
Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке келтірілген және әшкере болған шығын көлемі 9,7 миллиард теңгеге дейін жетіп отыр. Бұл былтырғыдан 4 млрд теңгеге артық. 2017 жылдың алғашқы жарты­сын­да мемлекет жемқорлар кесірінен 5,9 млрд теңгеге шығындалғаны анықталған. Бұл ретте былтыр ол сома­­ның 4,9 млрд теңгесі ғана өтелсе, биыл бұл көр­­­сет­кіш 8,5 млрд теңгені немесе 88 пайызды құрады.
Жемқорлық қылмыстарды тергеу барысында күдіктілердің жалпы құны 4,6 млрд теңге тұратын мүлігі бұғатталған. Бұл да өткен жылғы ұқсас мерзім­дегі­ден 4 есеге көп. 2017 жылғы бірінші жарты­­жылдықта жемқорлықтың тұтқындалған дүние-мүлкі 1,2 млрд теңге көлемінде болған.


02 тамыз 2018 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031