» » ДАРИЯДА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

ДАРИЯДА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

Кеше Сырдария өзені арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, ПМК-29 саяжайындағы тұрғын жайлардың ауласына су жайылған. Осыған орай, су басу қауіпінің алдын алу мақсатында саяжай аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде
Жалпы осы тұс өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын-ала ескертпе хаттар таратылған.
Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде екеуінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатыр.
– Осыған байланысты, бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын (6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор) жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қауіпі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын, - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.
29 желтоқсан 2017 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031