» » Электронды қызмет түсіндірілді

Электронды қызмет түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы және электронды мемлекеттік қызметті насихаттауда «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінің ұжымымен кездесу өтті.
Шарада Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік орган мен ұйымның қызметін, оның ішінде халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызы айтылды.
– Облыста цифрландыру бағытында білім беру, денсаулық сақтау, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік саласы бойынша жыл соңына дейін 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру агенттіктің басты назарында, – деді басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев.
02 тамыз 2018 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031