ГРАНТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова биылғы ҰБТ нәтижесін мәлімдеді.
Облысымыздан ҰБТ-ға 7113 мектеп бітіруші түлектің 4742-сі қатысқан. Нәтижесінде 2732 түлек мемлекеттік білім грантын иеленді. Оның ішінде педагогика мамандығына – 696, денсаулық сақтау саласына – 207, техникалық ғылымдар және технологияға – 1236, «Сепін» бағадарламасына – 751, оқушы түскен. Жылдағы дәстүр бойынша биыл облыс әкімінің 205 гранты бөлінсе, оның 70 пайызы ІТ саласына бағытталған. Облыс бойынша 102 түлек 100 балдан жоғары жинап, білім грантын иеленбеген. Есесіне, 54 ұпай жинаған Шиелі ауданының түлегі Жезқазған мемлекеттік университетіне грантқа түскен. Ал ҰБТ-да шекті балл жинай алмаған және қатыспаған оқушылар 14-18 тамыз аралығында және 2019 жылдың қаңтарында 2-ші рет ақылы негізде оқуға қайта тапсырады. Сонымен қатар, Санкт-Петербург университетімен облыс әкімдігі арасындағы меморандумға сәйкес 10 түлектің құжаты тамызда қабалданады.