» » КӨШБАСШЫЛАР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

КӨШБАСШЫЛАР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ


Бүгінде талантты, болашағынан үміт күттіретін жастарды табу және олардың бойындағы ерекше қабілетті ашу маңызды. Осы мақсатта Қызылорда қаласында "FOREVA" тұлғаны дамыту орталығы ашылды. Мұнда жастардың көшбасшылық қасиетін шыңдаумен қатар бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жолында бағыт-бағдар беріледі. Сонымен қатар тұлғалық даму және оқу бағытында бірнеше курс ұйымдастырылған. Оның ішінде "Көшбасшылар мектебі" кешенді курсы ата-аналар тарапынан сұранысқа ие. Курстың мақсаты – мектеп жасындағы балалардың көшбасшылық қабілетін жан-жақты дамыту. Оқу бағдарламасында оқушылар "Жас көшбасшы", "Харизмалы оратор", "Мақсатты тайм-менеджмент" пәнімен танысады.  Аталған курсты Ресей мен Украинада біліктілігін жетілдірген Нұрсәуле Мұсаева мен псиxолог Назира Аймаxанова жүргізеді.
– Көшбасшылар мектебінің міндеті – әрбір тұлғаның қабілеті мен шығармашылық мүмкіндігін ашуға, өзін-өзі тануға, тәрбиелеуге мүмкіндік беру. Мектеп оқушылары түрлі саладағы адамдармен конструктивті қатынас орнатып, көшбасшылықтың нақты технологиясын меңгереді. Т
ұлғаны дамыту орталығында биыл 7-12 жас аралығындағы балаларға жазғы интеллектуалды лагерь ұйымдастырылды. Ондатренингтік курс, логикалық ойын, интеллектуалды сайыс, мәдени экскурсия, квест тапсырмалар берілді. Мұның барлығы баланың жан-жақты болуына, бойындағы ашылмаған қабілетін дамытуға көмектеседі, – деді Асылзат Байқадам.
09 тамыз 2018 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930