Үздік ойыншы "Реалдан" кетті
Футболдан Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич "Реал" басшылығына мадридтік клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді. Лука Модрич жаттығуға келуі тиіс болған, бірақ ол дайындыққа келмеген. Сондай-ақ Миланның "Интер" клубының 32 жастағы ойыншыға қызығушылық танытқаны айтылады. Италиялық клуб футболшыға жылына 10 миллион еуро жалақы береміз деп ұсыныс жасады. Алайда футболшы ол үшін 4 жылға келісім шартқа отыруы тиіс. Айта кетейік, жақында Криштиану Роналду "Реал" командасынан Италияға ауысқан болатын. Ол "Ювентуспен" төрт жылға келісім шартқа отырды. Осылайша, оның жалақысы жылына 30 миллион еуроға жетті.