» » Роналду Мессимен бақталастық жайында пікірін айтты

Роналду Мессимен бақталастық жайында пікірін айтты

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду каталониялық "Барселонаның" ойыншысы Лионель Мессимен бақталастық туралы пікір білдірді. 
"Менде футболшылармен бақталастық жоқ, болған да емес. Мұндайым жоқ. "Ювентус" барлық матчты ұтуға тырысады. Лионель Мессиге қарсы ойнау тамаша болатын. Барлығыңызға бұл ұнайтын, қызықты еді. Бірақ бұл бақталастық болды деп есептемеймін", - деп келтіреді португалиялықтың сөзін O Jogo. Мұның алдында англиялық "Манчестер Юнайтедтің" футболшысы Райан Гиггз португалиялықтың "Реалдан" кетуі Мессиге байланысты деп пайымдаған еді. Оның сөзінше, португалиялықты Мессиден артық болу ойы жеп жүр.  Месси мен Роналду - "Алтын допты" бес рет иеленген, бұл футбол тарихында болмаған жағдай. 2008 жылдан бері әлемнің ең үздік футболшысына берілетін сыйды екеуі ғана кезекпен алып келеді.  33 жастағы португалиялық "Ювентуспен" төрт жылға келісімшарт жасасты. Роналдудың трансфері үшін 100 миллион еуро берілді және мұның алдындағы командаларға 12 миллион төленеді. Ал Роналду жылына 30 миллион еуро алатын болады. Журналистердің есебі бойынша, шабуылшы секундына бр еуро табыс табады.
18 шілде 2018 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031