» » Сүйер ұлың болса – сен сүй

Сүйер ұлың болса – сен сүй


Туған жердің жағдайына алаңдаулы, қамқор азаматтар біздің ауылымызда да жетерлік. Олар – қасиетті Арыстан баб бабамыз тоқтаған Ақирек тауының баурайындағы Ақбай ауылының түлектері. Олар туған жерге деген махаббатын бəрінен биік қойды, мəртебесін көтерді. Адамгершілігі мол, жан-жағына жақсылық жасауға ұмтылатын, көпшілікке жанашырниеті үнемі көрініп тұратын ауыл азаматтары туралы жазу мен үшін үлкен қуаныш.
Халықтың қай кезде де қалаулы азаматтары болады. Əр түрлі сала басшылығындағы жасап отқан ауылымыздан шыққан азаматтарымыз аз емес. Атап айтар болсақ, Нұртуған Прекешұлы Маңғыстау облыстық сотының судьясы, Нұртай Ілиясұлы – Арал аудандық Ішкі істер полиция майоры жəне  Егіншібай Түлкібайұлы – полиция капитаны, Ақбай Бақытұлы ауған соғысының ардагері, Нұржау Әзбергенұлы – Қамыстыбас ауылдық округі әкімі,  Мырзадин Нұршадинұлы – Арал аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, Нартай Сержанұлы – Ақирек ауылдық мəдениет үйінің меңгерушісі, Жайылхан Сейілханұлы – Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының техника жəне қару-жарақ жөндеу кызметінің бөлім басшысы, подполковник, т.б.
Сондай-ақ ауылымыздан шыққан мектеп директоры лауазымындағы онға жуық азамат біздің мақтанышымыз. Осыдан болар біздің ауылымызды мектеп директорлары  ауылы  деп те атайды.
«Сүйер ұлың болса – сен сүй, шын сүйерге тұрар ол», ел мен басшының арасындағы жарасымды қарым-қатынас қашанда нәтижелі еңбектің дәнекері болған. «Дүние жалған арбайды, адамгершіліктен өзге еш нәрсе әлемде бірақ қалмайды», – деп Фирдоуси айтқанындай, адамгершілікті ту еткен азаматтар есімі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге деп білеміз.
Алтынай АҚБАЙҚЫЗЫ,
Ақирек ауылдық округі,
Арал ауданы
09 тамыз 2018 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031