» » Жұрттың көзінше...

Жұрттың көзінше...


Жаз. Аптап ыстық. Маршрут  іші адамға лық толы. Университет аялдамасынан жас жұбайлар ішке енді. Бір қарағанда жарасымды жұп екен. Екеуі артқы орындыққа жайғасты. Көзілдірігімнің әйнегінен әйелдің жабырқау жүзін көзім шалды. Ері  жаман  әйелше сумаңдап, жарының жанын жеп барады. Сұрақтың астында қалған келіншек көз жасын сүртіп, ерін сабырға шақырды. Жоқ. Асау аттай делебесі қозып, ері әріге шапты. Әңгіме былай өрбіді: 
– Сен неге көшірме жасап тұрған жігітті көзіңмен ішіп-жеп барасың, а?
– Кезегімді күтіп тұрғанмын. Сөйлегесін кезегім келді ме деп қарағанмын.
– Айт деймін. Мені менсінбей тұрсың ғой. Солай ма? Сол жігіт ұнап қалған шығар...Сол мезетте ері әйелінің бетіне жұдырық жүгіртті. Жүрегім зырқ ете қалды. "Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседіні" есіме алып, өзімді әрең тежедім.
Міне, "бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен" нәзік жандыларға деген құрметіміздің қандай дәрежеде екеніне куәгер болдық. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. "Бірақ бір құмалақ бір қарын майды шірітеді". Бір қазақ жігіті ерге деген сенім мен сезімге селкеу түсірді. Мұндай жағдай әр отбасында орын алуы мүмкін. Бірақ жұрттың көзінше ұсақталу  жігіттікке сын.
Бибісара ЗИЯНСЫЗ
09 тамыз 2018 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031