» » СОТТАЛҒАНДАР САНЫ 35 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

СОТТАЛҒАНДАР САНЫ 35 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

Мемлекет басшысы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі және бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүд­делерінің сақталуы және заңна­малар­дың орындалуы үшін жоғары қадаға­лауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты. – Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шара­лар­дың бәрі іске асырылды. Атап айтқан­да, құқық қорғау органдары мен сот жү­й­е­сі реформаланды, тиісті заңдар қа­был­данды, соның ішінде бизнесті негізсіз тек­серістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орын­дау қажет, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұ­мыс­тарды жалғастырудың маңыз­ды­лығын атап өтіп, Қазақстандағы сот­тал­ғандар саны 35 пайызға азай­ғанын айтты. Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті ре­формалау бағытында атқарылып жатқан жұ­мыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін атап өтті. – Прокуратура органдары тарапы­нан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді, – деді Қайрат Қожамжаров. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
10 тамыз 2018 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031